Ойылда садақ ату сайысы өтті
Ойыл аудандық мешітінде пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті дәріптелді. "Ойыл аудандық" мешіті және «Дін мен дәстүр бағыты аясында «бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбында жамағат арасында пайғамбар (с.ғ.с) сүннетінде келген «Садақ ату» спорттық ойынынан сайыс өтті. Жарыстың мақсаты: Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбетіне насихаттаған спорт түрлерін насихаттау. Сондай-ақ жамағат арасында бірлік пен татулықты насихаттау.