#Құрбанайт2025 : Ақтөбе имамдары Құрбан айтқа сақадай сай
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан ауыл мешіттері Құрбай айт мейрамына сақадай сай.
Әр мешіт ауласында, мешіт маңдайшасында арнайы безендірілгін құттықтау банерлері ілінді.
Сонымен қатар бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің атынан зиялы қауым өкілдеріне т.б құттықтау ашық хаттары табысталды.
Айта кетсек, Ақтөбе облысы бойынша 6 маусым күні айт намазы таңертеңгі сағат 6:30-да оқылады. Ал сағат 7:00-де мешіт ауласында спорттық шаралар ұйымдастырылады.
Құрбан айт 6,7.8 маусым күні өтеді. Ақтөбе облысы және қала әкімдігінің қолдауымен ұлық мейрамды жоғары деңгейде өткізу үшін Құрбандық шалу рәсімі бекітілген Ақтөбе қаласында 4 жерде құрбандық шалуға болады: «Есік» ЖШС (Мал базары), «Айбек» СПК (41-ші разьезд), ЖК «Қасымов и К» (Жаңақоныс), ЖШС «Дала ел» (Алматы ауданы). Аталған орындарды облыстың Бас имамы Амантай Садиев барып, арнайы тексерді. Мал сою орындары санитарлық талапқа сай дайындалған.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі