18 Зул-Қағда
Отбасы жылы аясында «Отбасылық сайыс» өтті 4409

Отбасы жылы аясында «Отбасылық сайыс» өтті

10 сәуір 2025 268 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Ислам және отбасы құндылығы” аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде 120 отбасыға сыйлық таратылып, ауқымды шара өтті.

Шараның басты мақсаты- отбасыдағы қарым-қатынас пен өзара сыйластықты насихаттап, дініміздегі негізі жанұяға қатысты құндылықтарды дәріптеу.

Аталған іс-шарада мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы балаларға Ислам дініндегі әдептілік пен мейірімділік, ата-анаға құрмет пен үлкендерге деген ізет жайында уағыз-насихат айтып, түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, әр балаға арнайы дайындалған сыйлықтар мен ойыншықтар тарту етіліп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Балаларға осындай шынайы күлкі мен қуаныш сыйлауға атсалысқан мешіттің жомарт жанашыр, демеуші азаматтарына бас имам арнайы алғыс білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.