Шалқарда жамағатқа ауызашар беріліп жатыр 3279

Шалқарда жамағатқа ауызашар беріліп жатыр

17 наурыз 2024 216 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбековтың мұрындық болуымен, кәсіпкер, дін жанашырларының демеушілігімен жамағатқа ауызашар берілді.

Сауапты шара аясында Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков жамағатқа ізгі тілегін білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Ұлық айдың қадір-қасиетін айтып, жамағатты жақсылыққа үндеді. Барша мұсылман қауымының тұтқан оразасы, жасаған ізгі амалдары қабыл болуын сұрап, жамағатпен бірге дұға жасады.

Рухани ғибратқа толы кешті Шалқар қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Інжілісұлы бастаған ақсақалдар қорытындылап, батасын берді.

Айта кетейік, ізгі шараға аудан әкімшілігінің қызметкерлері мен кәсіпкерлер, ауыл ақсақалдары және жамағат қатысты. Ізгілікке жол бастар шара қортындысында жамағат алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі