Шалқарда «Рамазан тәттісі» таратылды 1578

Шалқарда «Рамазан тәттісі» таратылды

25 сәуір 2022 99 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне орай «Рамазан тәттісі» атты қайырымдылық шарасы өтті.

«Іс-шарасының мақсаты – жас ұрпаққа рамазан айының қадір-қасиетін арттырып және санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, жасөспірімдерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, балаларға аз да болса қуаныш сыйлау болып табылады», -дейді ұйымдастырушылар.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі