«Жұмадағы сауал»  бастамасы қолға алынды 1097

«Жұмадағы сауал» бастамасы қолға алынды

15 қараша 2021 119 Оқу 1 минут

Жамағатпен кері байланыс орнату мақсатында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Жұмадағы сауал» бастамасы қолға алынды.

Жұма намазына келген жамағат дін тақырыбында мазалаған сұрақтарын қойып, еркін форматта сұхбаттасты.

«Жұмадағы сауалда» жамағат тарапынан қойылған 20-дан аса сұраққа Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, мешіт ұстаздары Сағи Амандық және Рүстембек Аманғосов  тұщымды жауап берді.

Аталған бастама әр жұма сайын жалғасын табады.

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі