Мешіт жамағаты әр аптада футболда бас қосуда
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағаты аптаның әр сенбісінде футбол ойнап, салауатты өмір салтын насихаттауда.
Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаевтың мұрындық болуымен қолға алынған бастаманың негізігі мақсаты- дінімізде Алланың аманаты ретінде қаралатын денсаулыққа баса назар аударып, спортты серік ете отырып, жамағат арасындағы бірлік пен ауызбіршілікті арттыру.
Бас имам жастардың осындай емін-еркін спортпен шұғылдануына қолдау білдіріп отырған Ақтөбе қаласының әкімшілігі мен стадион басшылығына ерекше алғыс білдірді.
Айта кетейік, аталған “Футбол акалемиясы” ОБЖСМ спорт алаңы Республикамызда теңдесі жоқ ерекше салынған нысандардың бірі. Нысанның ашылу салтанына еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысқан болатын.