«Қайырқожа» мешіті: Бас имам жас отбасымен кездесті 5934

«Қайырқожа» мешіті: Бас имам жас отбасымен кездесті

13 ақпан 2026 22 Оқу 1 минут

 «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің бас имам имамы Шыңғыс Құлшаров жас отбасымен кездесті.

Кездесу барысында имам адал қоғам — адал тәрбиеден, ал адал тәрбие — берекелі отбасыдан басталатындығы туралы насихат айтып, дүниеге келген сәбиге азан шақырып, есімін қойды.

Сонымен қатар ат қоюдың шариғаттағы және ұлттық дәстүрдегі маңызы түсіндіріліп, ата-анаға бала тәрбиесіндегі жауапкершілікке тоқталды.

Одан өзге сәбидің ғұмыры ұзақ, өмірі берекелі, ата-анасына қуаныш, еліне қызмет ететін иманды ұрпақ болуын тілеп, дұға жасалды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі