Ойылда футболдан қайырымдылық турнирі өтті 1046

Ойылда футболдан қайырымдылық турнирі өтті

01 қараша 2021 97 Оқу 1 минут

Ойыл ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және жамағат арасындағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында «АНСАР» кеңес беру-оңалту орталығының мұрындық болуымен, Ойыл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен қала және аудан командаларының арасында футболдан Ойыл мешітінің қайырымдылық турнирі өтті.

Аталған жарыста Ақтөбе қаласының "Қамқор" командасы І орын, Ойыл ауданының "Қайрат" командасы ІІ орын, "Көкжар" командасы ІІІ орынға иеленіп, додадағы үздік ойыншыларға «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» және «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

Жарыста жиналған қаржыдан 100.000 теңге  Байрам Жеңісұлының еміне табысталды.

Жеңімпаздарға демеуші болған адамдарға алғыс білдіреміз! Қайырымдылық футболына қолдау білдірген әр жанға Алла Тағала сауаптан жазсын!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі