Ізгі қоғам – ізетті жастан басталады 6541

Ізгі қоғам – ізетті жастан басталады

10 шілде 2026 15 Оқу 1 минут

«Түнгі кітапхана» жобасы аясында Ойыл аудандық орталық кітапханасында «Ізгі қоғам – ізетті жастан басталады» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тәрбие мен имандылық қағидаларын насихаттау, қоғамдағы жауапкершілік пен ізгілік ұғымдарының мәнін түсіндіру.

Кездесуге Ойыл ауданының бас имамы Бақжарық Қызыр қатысып, жастарға рухани тәрбие, имандылық, адамгершілік, әдеп мәдениеті, отбасылық құндылықтар және қоғамдағы азаматтық жауапкершілік мәселелері жөнінде айтты. Сондай-ақ жастарды білім алуға, адал еңбек етуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және дәстүрлі рухани ұстанымдарды сақтауға шақырды.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі