Ақтөбе қаласы имамдарымен 2026 жылға арналған жылдық жоспар талқыланды 5874

Ақтөбе қаласы имамдарымен 2026 жылға арналған жылдық жоспар талқыланды

03 ақпан 2026 52 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе қаласы имамдарының 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиын өтті.

Жиын барысында қаланың бас имамы Алмат Әли ҚМДБ-ның 2026 жылды “Ислам және адал қоғам” жылы деп жариялауына орай, жыл аясында жүзеге асырылатын негізгі жұмыстарды атап өтті. Ол “Ихсан және насихат”, “Діни оқу-ағарту”, “Дәстүр және отбасы”, “Жат діни ағымдардан сақтандыру” бағыттары бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.

Жиынға қала мешіттерінің имамдары мен ұстаздары қатысты.

Сондай-ақ бас имам мешіт имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, мешіттердегі дәрістердің тоқтамауын, жамағатқа күнделікті бесін және ақшам намаздарында уағыз-насихат айтылып отыруын, сондай-ақ айлық және жылдық есептердің уақытылы әрі жауапкершілікпен тапсырылуын қатаң ескертті.