Долла, фельдшер Айкерім Өтекай «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді
Долла, фельдшер Айкерім Өтекай республикалық «Мұнара» телеарнасындағы журналист Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.
Бағдарлама барысында доула мамандығы туралы түсінік, елімізде бұл мамандықты қабылдау мәселелері айтылды.
Сонымен қатар доула мен акушердің айырмашылығы, жүкті әйелдер көбіне қандай қорқынышпен келетіндігі, әйелді босануға психологиялық тұрғыда дайындау, жүктілік кезінде ең маңызды эмоционалдық қолдау қандай болатындығы туралы кеңінен айтылды.
Одан өзге маман қыздар мен әйелдерге, оның ішінде әйел өзін «жаман ана» сезінбеу үшін пайдалы кеңестер ұсынды.
Сұхбатты осы жұма күні яғни 15 мамыр күні ағат 6:30, 11:00, 18:00, 20:30-да «Мұнара» арнасынан көре аласыздар. Әр шаңырақта «Мұнара» арнасы қосулы болғай!
«Мұнара» телеарнасы Отауда 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арна. Ютубтан көру үшін сілтеме: https://www.youtube.com/@munaratv
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































