Ойыл: Ауданның Бас имамы әдеп пен мәдениет сабақтастығын түсіндірді
Ойыл ауданының бас имамы Қызыр Бақжарық ҚМДБ бекіткен төрт бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» аясында «Ойыл аудандық балалар кітапханасында» жастармен кездесті.
Кездесу барысында Ойыл қазақ орта мектебінің 8-сынып оқушыларына жастардың әдебі мен мәдениеті туралы тоқталды.
Сонымен қатар ауданның Бас имамы дін мен дәстүр сабақтастығы негізінде жіті баяндады.
Шара қортындысында қатысушылар сұрақ қойып, тұщымды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі