Темір: Мешіт асханасының құрылысымен танысты 3810

Темір: Мешіт асханасының құрылысымен танысты

10 қазан 2024 384 Оқу 1 минут

Темір ауданының Бас имамы Ералин Зарлық Құмқұдық ауылдық мешітіне іс-сапармен барды. 

Сапар барысында Құмқұдық ауылдық мешіті жанынан салынған асхана құрылысымен танысты. Жүз орындық асхананың құрылысы қазіргі заман талабына сай жүргізілген. Асхананың толық құрылыс жұмыстарына ауылдан шыққан белгілі кәсіпкер Бакенов Досбол есімді азамат демеушілік жасады.

Сонымен қатар ауданның бас имамы мешіттің қысқа дайындығын тексерді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі