«Нұр Ғасыр»: Амал мерекесі тойланды 2555

«Нұр Ғасыр»: Амал мерекесі тойланды

14 наурыз 2023 161 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр» бағыты аясында 14 наурыз – көрісу яғни Амал мерекесі тойланды.

Ізгі шара барысында ұлттық тағам наурыз көже асылып, мешітке келген «Әжелер» мектебі мен ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне, шәкірттер мен жамағатқа ұсынылды.

Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткені айтылды.

«Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі»,-деп облыстық мешіттің наиб имамы Азат Ерланұлы дін мен дәстүр сабақтастығы туралы насихат баяндады.

Одан өзге ата-әжелер ақ батасын беріп, биылғы жылы табысты болуын тілеп, дін мамандарына алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі