Ақтөбе өкілдігінде Рамазанның 3 күнінде 210 насихат айтылды
Рамазан айында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде 3 күнінде 210 насихат айтылды.
Күніне 70 мешітте 3 рет бесін алдында, ауызашар кезінде, тарауих намазы алдында өтеді.
Бесін алдында «Құран жауһарлары» дәрістер топтамасы бойынша қасиетті Құран аятына тоқталып, түсіндірмесінен уағыз айтылады.
Сонымен қатар күнделікті ауызашар кезінде насихат ретінде ораза туралы, Қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті ұлықталады.
Одан өзге намазы алдында сол күні оқылатын Құран Кәрім аяттары аясында уағыздар жүргізіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі