Облыстың Бас имамы «Зират және зиярат мәдениеті» туралы сұхбат берді 2193

Облыстың Бас имамы «Зират және зиярат мәдениеті» туралы сұхбат берді

19 қазан 2022 147 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Рика» телеарнасында қонақ болды.

Бас имам «Кәусар» бағдарламасында «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбында сұхбат берді. Бағдарлама барысында
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Зират және зиярат мәдениеті» атты жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру форумының маңыздылығына тоқталды.

«Асылында зират – барша адам­заттың Жаратушы алдында тең екенін, имандылық, тақуалық секілді ізгі қа­сиеттермен ғана биік тұратынын көр­сететін ғибрат мекені. Адам баласының Ал­ла құзырында тең екені қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде ашық айтылған. Зираттарға құлпытас қою кезінде теңдік ұстанымын қатаң сақтауымыз керек. Бір марқұмның қабір басына мәрмар тастан зәулім сарай тұрғызу, екінші қабір басына биік ескерткіш немесе кеуде-мүсін соғу, ал үшіншісіне қарапайым құлпытас қою шариғаттың теңдік қағидаттарына қайшы келеді. Аталған мәселені біріздендіру, ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жерлеу рәсімдерін және зират көтеру мәдениетін бір жүйеге келтіру жұмыстары республика аумағында басталуда» -деп Ақтөбе облысында атқарылатын жұмыстар бойынша толығырақ баяндап өтті Серікжан Еншібайұлы.

Айта кетсек, бағдарламаны 30 қазан күні телеарнадан көре аласыздар.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі