Облыстың Бас имамы Ырғыз аудандық кітапханасында қонақ болды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ырғыз ауданына барған жұмыс сапары барысында «Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-не қонақ болды.
Кездесу барысында мекеме басшысы кітапхана ұжымын таныстырып, техникалық жабдықталуы мен оқырмандармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жалпы кітапханада оқуға, білім алуға және зияткерлік қарым-қатынас орнатуға барлық жағдай жасалған: кең кабинеттер, заманауи компьютерлер мен кітап қоры бар.
Рухани мұраны насихаттау мақсатында «Ақтөбе облыстық орталық мешіті» атты құнды кітапты кітапхана қорына сыйға тартты.
Бұл кітап – мешіт тарихынан сыр шертетін, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды еңбек.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































