Облыстың Бас имамы Ырғыз ауданына барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы іс сапармен Ырғыз ауданына барды.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі Қызбергенов Нұрланмен кездесті. Кездесуде аудан басшысы өңірдегі діни ахуалды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстардың жайымен таныстырды.
Облыстың Бас имамы алдағы жоспарларына тоқталып, жат ағымның алдын алу мәселерінда жастардың иммунитетінін қалыптасыру туралы айтты.
Одан өзге дін қызметкерлеріне қолдау білдіру мәселелері талқыланды.
Аудан әкімі өз кезегінде облыстың бас имамына қызметіне сәттілік тілеп, бірлесіп жұмыс атқарып, барынша қолдау көрсететіндігін білдірді.
Амантай Садиев «Мүфтият» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын аудан әкіміне сыйға тарту етті.
Кездесу соңында тараптар ортақ жобаларды бірлесе атқаруды жалғастыратынын мәлімдеді.
Айта кетсек, Ырғыз ауданы Амантай Әбділдаұлының 11 ауданға іс сапары.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі






































