«Әс-Салам» мешітіне жаңа имам тағайындалды 3444

«Әс-Салам» мешітіне жаңа имам тағайындалды

07 шілде 2024 997 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні Ақтөбе қаласы, «Әс-Сәлам» мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа Бас имам тағайындалды. Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбішев Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа Бас имам Сұлтамұратов Айдарды жамағатқа таныстырды. Сонымен қатар аталмыш мешітке жаңа наиб имам Садық Аманбек тағайындалды. Мәжит Әбішев жаңадан тағайындалған имамдарға сәттілік тілеп, діни ахуалдың тұрақтылығына нәтижелі еңбек ететіндігіне сенім білдірді.

Мәжит Жайлаубайұлы жұма намазға келген жамағатқа көркем мінез туралы уағыз өткізіп, насихат айтты.



Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі