РАНТ мүшесі Батыс Қазақстан облысына барды 2116

РАНТ мүшесі Батыс Қазақстан облысына барды

17 қыркүйек 2022 162 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Шакизадаұлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарымен Батыс Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен барды. 

Атап айтқанда, Орал қаласында бірнеше кездесулер мен Орал облыстық орталық мешітінде «Еңбек—ырыс қазығы» тақырыбында насихат айтып, жұма намазын өткізді.

Сондай-ақ Орал медресе колледжінің шәкірттерімен жүздесіп,«Діни білімнің маңызы және әдеппен байланысы» тақырыбында ой өрбітті. Одан өзге, «Шынайы мұсылманның сипаттары және көркем мінез» төңірегіндегі жамағат уағызында Бас имам:« Қияметте амал таразын ауыр басатын амал—көркем мінез. Қандай амал жасасаңыз да мінезіңіз дұрыс болмаса, көп ісіңіз зая кетпек,»,-деп мінез-құлықтың маңызын түсіндіріп өтті. Ал көпшілік тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, жұртшылықты мұсылманның көркем сипаттарына әрдайым ұмтылуға шақырды.

Аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 1600 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі