Қадір түні қарсаңында Құран жарысы өтті 3329

Қадір түні қарсаңында Құран жарысы өтті

07 сәуір 2024 312 Оқу 1 минут

Қасиетті Қадір түні күніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының жамағаты арасында «Қасиетті Құран түскен Рамазан» атты Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан білім сайысы өтті. Жарыстың шымылдығын облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталып, Қадір түні туралы баяндап, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Сайыс барысында қатысушылар Құранның 30-шы парасын жатқа әрі қатесіз оқу бойынша бақ сынасты. Алдын ала хабарландыру нәтижесінде 30 азамат сайысқа қатысуға ұсыным білдіріп, тіркелді. Олардың арасында іріктеу кезеңі өткізіліп, ақтық кезеңге 10 азамат жолдама алды. Құран жарысына қатысушыларды «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы және Бекзат қари Тасбулатов әділқазы ретінде сараптады. Дода нәтижесі бойынша: I орынды Молдағалиев Сабыр иеленіп, Ұмра қажылығына жолдама алды; II орынды Кенжеғалиев Мейрамбек иеленіп, 250 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды; III-орынды Қуатжанов Ғалым иеленіп, 150 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Одан бөлек ақтық кезеңге өткен 7 азамат ынталандыру мақсатында номинациясы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс жеңіпаздарын Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы құттықтап, сыйлықтарын табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі