2 Зул-Хиджа
Облыс Бас имамы полиция қызметкерлерімен жүздесті 4435

Облыс Бас имамы полиция қызметкерлерімен жүздесті

20 сәуір 2025 243 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе қаласы полиция қызметкерлерімен кездесті. Келелі кездесуге ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, қоғамдық тәртіп сақтау полиция қызметкерлері қатысты.

Облыс бас имамы қоғамдағы тәртіпті сақтауға руханият пен адамның ішкі күйінің дұрыстығы басты рөл атқаратынын жеткізді. Әңгіме барысында бүгінде ел тыныштығы үшін қызмет етіп отырған полиция қызметкерлерінің өз ісіне деген адалдығы ерлікпен тең түспесе кем болмайтынын айтып өтті. Сондай-ақ отанға, ел мен жерге қызмет етудің сауабы мен пайдасы туралы өнегелі насихаттарын жеткізді.