Облыстың Бас имамы есепшілерді мерекемен құттықтады 925

Облыстың Бас имамы есепшілерді мерекемен құттықтады

06 қазан 2021 159 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 6 қазан – есепшілер күніне орай облыстың Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы «Нұр Ғасыр» мешітінің Бас есепшісі Гүлнар Маханова мен Бас есепшінің көмекшісі Ардақ Абдуалиеваны мерекемен құттықтады. 

Бас имам мешіттің есеп-қисап жұмыстарын заманауи үлгіде жандандырып, ҚМДБ қаржы саласы бойынша бастамаларына ерекше үлес қосып отырған есепшілер екеніне тоқталып,
жалпы есеп-қисап жұмысының да дін насихатына қатысы бар екенін атап өтті. Сонымен қатар отбасыларына амандық, еңбек жолдарында биік белес, дін жолындағы сауапты қызметтеріне сәттілік тілеп,
ұжым атынан мерекелік сыйлықты тарту етті.

Шара соңында есепшілер ұжым ілтипатына алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі