Ырғыз мешіттерінің жұмысы тексерілді 110

Ырғыз мешіттерінің жұмысы тексерілді

20 қыркүйек 2020 243 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық өкілдігі өңірдегі мешіттер мен діни қызметкерлердің жұмысына мониторинг жасап, оларға әдістемелік көмегін көрсетіп келеді. Аталмыш бағытта «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің найб имамы Алмат Әли Ырғыз ауданына іс-сапармен барды. Ауданға жол тартқан найб имам алдымен Қызылжар ауылдық округі, Құрылыс ауылында ауыл тұрғындарымен жүздесіп, халықтың діни сұрақтарына жауап берді.

Одан әрі аудан орталығындағы мешітте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, қараша айында халыққа пайдалануға берілуін қаматамасыз етуін тапсырды. Сондай-ақ, Алла үйін қысқы маусымға дайындап, жылыту жұмыстарын жүргізілуін пысықтады.

Сонымен қатар, А.Әли Құрылыс ауылы әкімінің орынбасары Сейілханов Марс Маратұлымен жолықты. Ауылдық әкімдіктегі кездесу барысында жергілікті жердегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайлары мен өңірге діни кадр тарту мәселелерін тілге тиек етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз қызметі