Облыс әкімі ауызашар берді 2649

Облыс әкімі ауызашар берді

18 сәуір 2023 157 Оқу 1 минут

Қасиетті Қадір түнінде Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың атынан «Нұр Ғасыр» орталық мешітінің асханасында ауызашар берілді.
Сауабы мол игі шарада Ералы Тоғжанов Рамазан айының барша мұсылмандар үшін маңыздылығын атап өтті.
«Рамазан айы – теңдессіз нығметтер айы. Бүгін барша мұсылман қауымы үшін ерекше, мың айдан қадірлі Қадір түні. Тілеген дұға-тілектер, жасаған құлшылықтарыңыз қабыл болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыздың бірлігі нығайып, берекесі арта берсін!»,-деп атап өтті облыс әкімі.

Сонымен қатар облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мың айдан да қайырлы Қадір түнімен құттықтап, ұлық түннің маңыздылығы туралы насихат айтты.
Одан өзге облыс әкімі Ақтөбе облысының жамағаты арасында «Раббыңның атымен оқы» атты Құранның 30-шы парасын жатқа оқудан өткен білім сайысының марапаттау рәсіміне, ҚМДБ –ның «Зекет және қайырымдылық» қорының жобасы «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында 3 мүмкіндігі шектеулі отбасыға баспана табыстауға қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі