Хромтау: Рамазан айына орай Құран жарысы өтті 2640

Хромтау: Рамазан айына орай Құран жарысы өтті

15 сәуір 2023 186 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті. 

Рамазан – Құран айы. Қасиетті айда Алла Елшісі (Алланың салауат, сәлемі болсын) Жәбірейіл ғәләйһиссаламға Құранды бастан-аяқ жатқа оқып тапсыратын болған екен. Тіпті, өмірінің соңындағы Рамазан айында Расулулла (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болcын) уаxи періштесіне Құранды екі рет толық жатқа тапсырған екен. Сондықтан Рамазан айында Құранды көп оқу, жаттаған Құран сүрелерін жиі қайталап ұстазға тапсыру, жаттауын пысықтап иін қандыру – Алланың ақырғы Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл өнегесі.

Қасиетті Рамазан айына орай мешіт шәкірттерінің арасында 30-шы параны жатқан және мәнерлеп оқу бойынша Құран жарысы өтіп, оған 15 адам қатысты.

Шәкірттердің қарымын сынау үшін, Түрік елінен келген қари Акан Абид, Ақтөбе облысы «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Дарменов Қайрат, «Нұр» мешітінің наиб имамы Аслан Берікұлы әділқазылық жасады.

«Бір пара» аталымы бойынша І орынды Райсов Нұрболат, ІІ орынды Абдумажит Арман, ІІІ орынды Қуатжанов Ғалым иеленді. Ал «Мәнерлеп оқу» бойынша І орынмен Бейсенғалин Еркебұлан, ІІ орынмен Кенжеғалиев Рақым, ІІІ орынмен Ізмағанбетов Нұрлыбек лайық деп танылды.

Жеңімпаздарға арнайы және бағалы сыйлықтар, барлық қатысушыға алғыс хаттар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі