Хромтау: «Тал ек, табиғатты аяла» акциясы жүзеге асты. 2675

Хромтау: «Тал ек, табиғатты аяла» акциясы жүзеге асты.

02 мамыр 2023 343 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық мешітінің бас имамы Ерік Қонақбайұлының ұйымдастырумен «Нұр» мешіт ауласына жүз түп алма және алмұрт ағашын отырғызды. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген халқымыз, ағаш егудің мол сауапты іс екендігін ұрпағына дәріптеген. Сондай-ақ ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қандай да бір мұсылман ағаш егіп не егін ексе, одан адамдар, құрт-құмырсқа мен құстар жеп азықтанса, міндетті түрде өзіне сауап ретінде кері қайтады»,-деген. Ендеше, осындай келешек ұрпаққа үлгі боларлық істі насихаттау әр мұсылманның міндеті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі