Облыс бас имамы аудан ұстаздарымен кездесті 3252

Облыс бас имамы аудан ұстаздарымен кездесті

03 наурыз 2024 675 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Хромтау ауданына арнайы іс-сапармен барды. Сапар барысында аудандағы педагог ұстаздармен кездесті. Жиында ислам діні мен дәстүріміздегі бала тәрбиесі мен жастарға білім берудің тәсілдерінің ұштасатынын, тіпті оның егіз ұғым екенін жеткізді. Ұстаз оқушылардың екінші ата-анасы екенін ескере келе ұстаз болып қызмет етудің жауапты да сауапты мамандық екенін ескерді. Сондай-ақ, бас имам ұстаздарға білім беру барысында жастар арасындағы теріс діни мәселелердің алдын алу үшін көмек беретін ақыл-кеңестерін айтып, педагогтардың сұрақтарына жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі