Ақтөбе: «Нұрлан Махабадұлы» мешітіне жаңа имам тағайындалды 3253

Ақтөбе: «Нұрлан Махабадұлы» мешітіне жаңа имам тағайындалды

03 наурыз 2024 846 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе қаласында орналасқан «Нұрлан Махабадұлы» мешітіне жаңа имам тағайындалды. Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Рүстембек Аманғосов жұма намазына жиналған жамағатқа жаңа имам Ерлан Меңдіқұлұлын таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. 

Ерлан Меңдіқұлұлы осы уақытқа дейін Ақтөбе қаласы, «Әл-Латиф» мешітінде молда қызметін атқарған. Сондай-ақ Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде көптеген діни қызметтерді атқарған бірнеше жылдық тәжірибесі бар білікті маман.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі