РАНТ мүшесі студенттермен кездесті 3653

РАНТ мүшесі студенттермен кездесті

14 қыркүйек 2024 175 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы студенттермен кездесті. 

«Ұлттық құндылықтар ел тірегі» атты жастарға арналған семинар Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінде 1-2 курс студенттеріне өтті.

Семинарды Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінің жұмыспен қамту орталығының директоры, ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шалғынбай Өтегенұлы ашып, кеш қонағы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлын таныстырып өтті.

Шарада бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселе жастар тәрбиесін, оның ішінде ұлттық болмысымызды сақтап қалатын негізгі рухани байлықтарымыз тіл, дін, діл екендігін баса айтқан Нұрлыбек Күзенбаев: «Дін мен дәстүрді бөліп-жарып қарау мүмкін емес. Ұлттық құндылықтардың қайнары- шариғат негіздері.Қазіргі қоғамымызда ең жетіспей жатқан ар-ұят қасиеті. Ал асыл дінімізде «Ұят-иманның жартысы» деп түсіндіреді. Соны жіті түсінген бабаларымыз «ұят болады» деген ұғымға барлық ұлттық тәрбиені сыйғызған. Яғни, дініміз бен дәстүрімізден ажырау бізді қазақы, таза болмысымыздан адастыруға әкеліп соғады»,-деп кеңінен тоқталып өтті.

Шара соңында жастар тарапынан тақырып төңірегінде сауалдар қойылып, тұщымды толыққанды жауап берілді.

Айта кетейік, семинарға 125 студент қатысып, мәнді ақпараттар ала алды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі