Облыс Бас имамы Алғада жұма уағызын айтты 3911

Облыс Бас имамы Алғада жұма уағызын айтты

11 қараша 2024 416 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Сәдиев Алға ауданына барған сапары барысында аудандық мешітте жұма намазын жүргізді. Жиналғат жамағатқа Бас имам «Алаяқтық - үлкен күнә» тақырыбында жұма уағызын айтты. Шариғаттағы алаяқтық, өзгені алдау, біреудің мүлкін арбап алу деген секілді сипаттардың зияны мен зарабын кеңінен түсіндіріп өтті Бас имам. Уағыздан соң облыстың Бас имамы жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы мен әлемнің тыныштығы, мұсылмандардың ынтымағы үшін дұға жасады.