#Рамазан2026: Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің Ораза айтпен құттықтауы
Қадірлі отандастар және ақтөбеліктер!
Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын!
Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам.
Ораза айт – отбасылық мереке. Айт күндері ата-анамызды, ұл-қыздарымызды, аға-бауырларымызды қуанышқа кенелтіп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесудің сауабы мол екенін ұмытпайық.
Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, еліміз бен жеріміз, әлем жұртшылығы түрлі қауіп-қатерден аман болсын!
Амантай Садиев
Ақтөбе облысының Бас имамы






































