Қобда: Медресе шәкірттеріне ауызашар берді 1568

Қобда: Медресе шәкірттеріне ауызашар берді

22 сәуір 2022 95 Оқу 1 минут

Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берілді.

Игі басқосуда аудандық мешіттің наиб имамы Аслан Сатанов шәкірттерді Рамазан айымен құттықтап, білім алудың артықшылығы тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Алла Тағала ауызашар ұйымдастырған және оған үлес қосқан әрбір жомарт жанға Алла елшісі сүйіншілегендей ораза тұтушының сауабын нәсіп еткей!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі