Қарттар үйіне Рамазан қоржындары табысталды 3309

Қарттар үйіне Рамазан қоржындары табысталды

26 наурыз 2024 746 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, еліміздің әр өңірінде қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» қайырымыдылық акциясы өтуде. Осы игі бастама Ақтөбе қаласындағы қарттар үйінде де жалғасын тапты.

Ақтөбе облысының бас имамы бастап барған дін қызметкерлері қарттарды қасиетті аймен құттықтап, ұстап жатқан оразаларының қабыл болуын тіледі. Алладан қарияларға берекелі әрі ұзақ ғұмыр мен денсаулық сұрады. Жылы лебізін айтып, насихат айтты.

ҚМДБ «Уақып қорының» Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Мәжит Әбішевтің ұйымдастыруымен қарттар үйіндегі қарияларға азық-түліктерге толы «Рамазан қоржындары» табысталды. Сондай-ақ «Нар қыз» жыр мектебінің басшысы бастап келген жыршылар тобы қарттардың көңілін көтеріп рухани әсем жыр шумақтарын шертті. Сонымен қатар жыр-терме шерткен жыр мектебінің шәкірттеріне «Рамазан тәттісі» таратылып, тәрбиешілеріне алғыс хат табысталды. Шара қортындысында игі бастамаға алғыстарын жеткізіп, қариялар мешіт имамдарына ақ баталарын берді.