2022 жыл: «Ғибрат» жобасының алғашқы қонағы – Батыржан Мансұров 1226

2022 жыл: «Ғибрат» жобасының алғашқы қонағы – Батыржан Мансұров

22 қаңтар 2022 150 Оқу 1 минут

Жұманың кешінде ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің @nur_gasyr Instagram парақшасында «Ғибрат» жобасы аясында ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің хатшысы Батыржан Берденұлы Мансұровпен «Ең басты құндылық» тақырыбында 2022 жылдың алғашқы онлайн сұхбаты өтті.

Тікелей эфир барысында Батыржан Мансұров елдегі дүрбелеңге салған Қаралы қаңтардан қандай сабақ алуымыз керек туралы айтты. Сонымен қатар сұхбатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шариғат және пәтуа бөлімінің шығарған «Шеруге шығудың үкімін» толығырақ түсіндірді. Одан өзге эфирде «Бүгінгі қоғам үшін ең басты құндылық?», «Дінімізде татулық пен бірліктің бастауы деп нені айтады?», «ҚМДБ 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» деп атады. Осы жылы сіз басқарып отырған «Уағыз-насихат» бөлімінің атқарар жұмысына шолу жасап өтсеңіз?», «Сіз үшін бейбішіліктің қадірі?» деген сауалдарға тұщымды жауап берді.

Онлайн сұхбатты 600-ге жуық көрермен тамашалады.

Эфирді тізгіндеген журналист, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова.

«Ең басты құндылық – татулық пен тыныштық, бірлік деп жатырмыз қой, негізгі құндылық деп мен – отбасы тәрбиесін айтар едім. Өйткені, Отан» отбасыдан басталады деп айтамыз.Отбасындағы ата-ананың балаға деген мәмілесі, оның тәрбиесі, рухани-материалдық құндылығына аса мән беруіміз керек»,-деп Батыржан Мансұров сұхбатты түйіндеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз қызметі