“Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабы – әр шаңырақтың төрінде орын алуы керек 764

“Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабы – әр шаңырақтың төрінде орын алуы керек

28 тамыз 2021 374 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласы “Қайырқожа” мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен жарық көрген “Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабы ақсақалдар мен жамағатқа таныстырылды.

Шара барысында мешіт имамы Сұңғат Қанатұлы: «Бүгінгі таңда рухани құндылықтар әлсіреп, адами қасиеттер азайғанда, осынау кітапты әр мұсылман өзіне қағида етіп қабыл алса, әуелі Алламен құлдың арасы жақындап, кейінгі адамдардың қарым-қатынасы һәм мәмілесі түзеліп, көңілдерге иман нұры ұялап, жан-жағына тегіс жылулық жайылар еді» - деп жаңа кітаптың маңыздылығын атап өтті.

Одан өзге шараға немерелерімен келген ақсақалдар пікір білдіріп, “Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабы – әр шаңырақтың төрінде орын алуы керек деген ой-пікірлерін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі