«Нұр Ғасыр»: «Оразаны дұрыс ұстап жүрміз бе?» атты дәріс өтуде 2634

«Нұр Ғасыр»: «Оразаны дұрыс ұстап жүрміз бе?» атты дәріс өтуде

04 сәуір 2023 156 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен аптасына 3 рет қасиетті Рамазан айына орай «Оразаны дұрыс ұстап жүрміз бе?» атты дәріс өтуде.

Аталған дәрісті облыстық мешіттің ұстазы Қайрат Дәрменов жүргізіп келеді.

Ұстаз күнделікті дәріс барысында оразаның шарттары, парыздары, сүннеттері, оразаның хикметі т.б жіті тоқталып, шәкірттерге түсіндіруде.

Қасиетті айды ұлықтауға арналған дәріс қала, аудан, ауылдық мешіттерде жалғасын табуда.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі