Бегімбет: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай сайыс өтті 1661

Бегімбет: Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай сайыс өтті

04 мамыр 2022 108 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазанның соңғы жұмасында Бегімбет ауылы «Бегімбет» мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен ауылдың мәдениет үйінде «Балалар жылы» аясында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өлендерін жатқа оқудан жарыс өтті. 

Оған Б.Сүлейменов атындағы ЖОББМ мектептін 7-11 сынып оқушылары қатысты.

Ұлт ұстазына арнал байқауды ауыл әкімі Оралбек Әбшанұлы ашты. Қатысушыларды бағалаған әділқазылар құрамында зейнеткер тарихшы ұстаз Сәлима Ермекбайқызы, Б.Сүлейменов атындағы ЖОББМ тәрбие орталығының ұйымдастырушы педагогы Әсел Тілеумағанбетова мен Бегімбет мешітінің имамы Әуезов Нұрдәулет болды.

Жарыс қортындысы бойында үздік болып, І орынды Жандос Есенаманов, ІІ орынды Елдос Есенаманов, ал ІІІ орынды Нұрайым

Көптілеуова иеленді. Жеңімпаздарға сертификат пен ақшалай сыйлық табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі