Намазға байланысты үш сұрақ 471

Намазға байланысты үш сұрақ

22 қаңтар 2021 314 Оқу 1 минут

- Құныт дұғасының орнына «Аллаһуммағфирли» деп үш рет оқуға бола ма? 

- «Құныт дұғасын» әлі жаттап үлгермеген кісі оның орнына үш рет «Аллаһуммағфирли» деп айтса болады. Немесе бір рет «раббанә атина» дұғасын оқысын. (әл-Һәдия)

- Жамағатпен намаз оқығанда имам калай ниет ету керек? 

- Имамдыққа шыққан кісі ер адамдарға ғана имамдық ететін болса, имам болатындығына арнайы ниетін етуі шарт емес. Әдеттегідей, оқитын намазына ниет білдірсе, жеткілікті. Алайда, ер кісілермен қатар әйел жамағаты да ұйып тұрған жағдайда, онда әйел кісілерге де имам болатындығына іштей ниет білдіруі тиіс. (Раддуль Мухтар). Мәселен: ер кісілермен қатар, әйел жамағатына да имам болатындығына іштей оқталып: «Ниет еттім, пәлен намазды оқымаққа (мысалы, бесін), әрі маған ұюшы жамағатқа имамдық етуге. Жүзімді бұрдым құбылаға. Халисалилләһи Тағала» деп ниет етсе болады.

- Мен екінті мен құптан алдында бекітілмеген 4 рәкат сүннет намазын оқып жүрмін. Оқылуын тура бесін намазының 4 рәкат сүннетін оқығандай оқимын. Оның еш қатесі жоқ шығар? 

- Төрт рәкәғаттық нәпіл намаздың - сүннет намаздардан аздап айырмашылығы бар. Дәлірек айтқанда, төрт рәкәғаттық нәпіл намазды оқитын кезде алғашқы отырыста "аттахияту" дұғасымен қоса "салауатты" да оқисыз, одан соң «Аллаһу әкбар» деп үшіншіге тұрып, оны (үшіншіні) "сәнә" дұғасын оқумен бастайсыз, одан кейін «әғузу» мен «бисмилләны» айтып, әдеттегідей сүре-дұғаларды ретімен оқып кете бересіз. Ал, төрт рәкәғаттық сүннет намаздары мен парыз және үтір уәжіп намаздарында алғашқы отырыста тек аттахият оқылады да келесіге тұрады, әрі оны (үшіншіні) «сәнә» дұғасынмен емес, «бисмиллаһир рахманир рахим» деумен бастайсыз.

Абдусамат Қасым