Облыстың Бас имамы Хромтауда жұма уағызын айтты 2217

Облыстың Бас имамы Хромтауда жұма уағызын айтты

29 қазан 2022 164 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Хромтау ауданына барған сапары барысында аудандық «Нұр» мешітінде жұма намазын жүргізді. 

Жиналғат жамағатқа Бас имам «Жомарт пенденің дәрежесі мен сауабы» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Пендені Жаратушының сүйіспеншілігіне, адамдардың алғысына бөлейтін істердің негізгісі – жомарттық. Жомарттық деп – адам баласының мал-дүниені ізгілік жолында ауырсынбай, кеңпейілмен сарп етуіне айтылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) жұмсайды», – деп айтқан. Ал жомарттық адамның көркем мінезінің кемелдігінің көрінісі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Ол турасында хадисте: «Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішіндегі ең жомарты еді. Әсіресе, Рамазан айында, Жәбірейілмен кездескенде ерекше жомарттық танытатын», – деп айтылғандығын (имам Бұхари, Мүслим) түсіндірді.

Сонымен қатар Серікжан Еншібайұлы насихат барысында ислам ғұламалары жомарттықты бірнеше сатыға бөлгендігіне жіті тоқталды. Ал насихат қортындысында жомарт болу үшін, дүние-дәулеттің мол болуы міндетті емес. Жомарт болу үшін адам өзінде барды көмекке зәру адаммен шынайы ақ пейілімен бөлісу. Сол себепті бұрынғы өткен даналардан: «Жомарт болу үшін бай болу міндетті емес. Керісінше бай болу үшін, жомарт болуыңыз керек», – дейтін сөзді қағида ету керек екенін атап өтті.

Уағыздан соң облыстың Бас имамы жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел амандығы мен әлемнің тыныштығы, мұсылмандардың ынтымағы үшін дұға жасады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі