«Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында жұма уағыздары өткізілді
Ақтөбе облысы өкілдігінің бастамасымен жүзеге асып жатқан «Көшпелі уағыз-насихат керуені» жобасы аясында қала мешіттерінде кезекті жұма уағыз-насихаттары ұйымдастырылды.
Жоба аясында әртүрлі мешіттерде тәжірибелі имамдар мен ұстаздар жамағатқа тағылымды уағыз айтып, діни насихат жүргізді. Атап айтқанда:
• Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Жексенбай Торбаев — «Бақытжан» мешітінде,
• Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов — «Досжан Хазірет» мешітінде,
• Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Қанат Қасымов — «Сүлеймен ата» мешітінде,
• Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбет — «Нұрдәулет» мешітінде,
• «Досжан Хазірет» мешітінің бас имамы Шынболат Үмбетов — «Қайырқожа» мешітінде,
• «Қайырқожа» мешітінің бас имамы Шыңғыс Құлшаров — «Әл-Ләтиф» мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағыздарының негізгі тақырыбы — «Дұға мен тілек тілеудің әдебі» болды. Уағыз барысында дұғаның мұсылман өміріндегі орны, оны шынайылықпен әрі әдеп сақтай отырып жасау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Аталған жоба жамағаттың діни сауатын арттыруға, рухани құндылықтарды насихаттауға және мешіттер арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.















































