Ризабек Батталұлы  «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты 1165

Ризабек Батталұлы «Нұр Ғасыр» мешітінде уағыз айтты

06 желтоқсан 2021 158 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласына арнайы іс-сапармен келген исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Ризабек Батталұлы құптан намазының алдында облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатымен кездесу өткізді. 

Елімізге есімі кеңінен жайылған исламтанушы ғалымның уағызына шашамен 700-ден аса жамағат жиналып, тағылымды дәріс тыңдап қайтты.

«Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған жамағаттың бұл күні жүректері иман шуағына жылынып, рухани азыққа кенелді.

«Жәннатқа жетелейтін жол ізде» тақырыбында сөз қозғаған білікті ұстаз өз уағызында қазіргі кездегі мұсылман баласының бойынан жоғалып бара жатқан құнды қасиеттер жайын батыра айтты. Әр ойын әдемі мысал, әдепті оқиғамен әрлеген Ризабек Батталұлы уағыз барысында тек мұсылман сипаттары жайлы ғана емес, басқа да түйткілді тақырыптарды да қозғап өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі