Ақтөбе: «Рамазанда ораза ұстаудың тәртібі» атты туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылды 3264

Ақтөбе: «Рамазанда ораза ұстаудың тәртібі» атты туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылды

10 наурыз 2024 598 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы мен наиб имамдар Рамазан айы туралы жамағатқа арнайы «Сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырды. Рамазан айының алғашқы жұмасында облыстың Бас имамы жамағатпен жүздесіп, қасиетті ай, он екі айдың сұлтаны Рамазанның келуімен құттықтады. Сонымен қатар Серікжан Еншібайұлы мен облыстық мешіттің наиб имамы Нұрбол Смағұлов Рамазан айында атқарылатын құлшылықтар, ораза ұстаған кездегі кездесетін мәселелер туралы жамағаттың сұрағына толыққанды тұщымды жауап берді.

Сондай-ақ құптан намазына келген жамағатқа да Рамазан айына жасалатын дұрыс дайындықтың қалай болу керектігі туралы насихат және кеңестер берілді.

Сонымен қатар имамдар ұлық айдың қадір-қасиеті туралы насихат айтты. Одан өзге жиналған жамағатқа «Ораза тағылымы» және қазақ-орыс тілінде жарық көрген «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» атты кітаптарды табыстады. Игі бастама ай бойы жалғасын табады.



Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі