Ақтөбе: 50  отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды 1517

Ақтөбе: 50 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

10 сәуір 2022 113 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» шарасы өтіп, аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 50 отбасыға азық-түлік таратылды.

Қайырымдылық акциясына мешіт имамдары мен қызметкерлері атсалысты. Қасиетті айдың қарсаңында қолға алынған ізгі істің маңыздылығына тоқталған бас имам мұндай шаралар әлі де жалғасын табатындығын айтты.

«Асыл дінімізде кімде кім бұл дүниеде мұсылман бауырының қайғысын сейілтсе, Алла Тағала қияметте оның қайғысын сейілтеді. Ал, кімде кім қиындыққа тап болғанның жағдайын жеңілдетсе, Алла оның ісін осы дүниеде және қияметте де жеңілдетеді,» деген. Ендеше, осындай сауапты бастамаға атсалысқан әрбір жомарт жандарға Алла Тағала разы болсын» деп қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі