Наиб имам Ойыл ауданына іс-сапармен барды 2374

Наиб имам Ойыл ауданына іс-сапармен барды

28 қаңтар 2023 85 Оқу 1 минут

ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Ойыл ауданына арнайы іс-сапармен барды.
Ойыл сапары барысында ЖАНТ мүшесі Мәдениет үйінде халықпен кездесіп, «Келешегіміз жастар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Ойыл аудандық мешітінде жамағатқа «Пәтуа беру –ғалымдардың ісі» тақырыбында насихатқа тоқталды. Ал сапар қортындысында аудандық мешітте «Қасиетті Құранға құрмет көрсету» тақырыбы аясында жұма уағызын айтты.

Наиб имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі