«Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі тарихи мешітте жамағатпен кездесті 6540

«Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі тарихи мешітте жамағатпен кездесті

10 шілде 2026 18 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Дін және дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Ерболат Жүсіпов еліміздегі тарихи мешіттердің бірі Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында аталған мешітте ақшам намазынан кейін арнайы дастархан жайылып, жамағатпен тағылымды кездесу өтті. Жиынға Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли қатысып, Ерболат Нұрылдаұлын жамағатқа таныстырды. Сонымен қатар кешке қаламыздағы бірнеше мешіттің имамдары мен дін қызметкерлері де арнайы қатысып, уағыз-насихаттан тағылым алды.

Кездесу барысында Ерболат Жүсіпов қазақ халқының дәстүрлі рухани мұрасы мен Ислам құндылықтарының өзара сабақтастығы жайында кеңінен баяндады. Сондай-ақ отбасы берекесі, ерлі-зайыптылар арасындағы жауапкершілік, бала тәрбиесі, ата-ананы құрметтеу және ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызы туралы насихат айтты.

Шара қортындысында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды кездесуден рухани әсер алғандарын жеткізді. Кездесу бауырмалдық пен бірлікті нығайтатын ақ дастархан басындағы еркін сұхбат форматында өтті.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі