Ей, Мұхаммед қайдасың! 249

Ей, Мұхаммед қайдасың!

28 қазан 2020 436 Оқу 1 минут

1953 жыл. Ливанның оңтүстігі. Сайда қаласы. Мәуліт айы кірген. Жұрт пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған айын атап өту қарсаңында. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мәуліт айы зеңбірек атумен басталады. Бұл көнеден келе жатқан жұрт білетін салт. Жазмыштан озмыш жоқ дегендей, оқтың жарықшағы жазатайым бір қыздың басына тиеді. Қыз қаладағы ең танымал христиан Ғаттас әулетінен еді. Әке-шешесі жылдамдатып қыздарын Хассан Хамуд емханасына алып барды. Бірақ, бұл жерде қызға көмек беруге дәрігерлер дәрменсіз еді. Уақыт созбай, тездетіп, Бейруттағы америкалық ауруханаға жеткізеді.

Қыздың басындағы жарақаты күрделі екен. Қанды тоқтату қиынға соқты. Бір топ дәрігерлер ұжымы кеңесіп жатты. Қызды аман алып қалу мүмкін емес сияқты. Мұны сезген қыздың шешесі аурухананы басына көтеріп бай-баламға салды. Шарасыздықтан бейшара әйел: Ей, Мұхаммед қайдасың! Сенің мұсылмандарың қызымды өлтірді!, - деп айқайлап жатты.

Дәрігерлер барын салды. Бірақ қолдан келер шара жоқ. Сәт сайын қыздың жағдайы нашарлап барады. Соңында, дәрігерлер анасын кіргізейік, қызымен қоштасып қалсын деп ұйғарады. Мұны естіген анасы есінен танып қала жаздайды. Көзінің алды қарауытып, өзін әзер ұстайды. Қызым-ау, деп палатаға кірген кезде төсекте сап-сау отырған қызын көріп, шешесі абдырап қалады. Қыз: Анашым, есікті тез жап. Қазір, ол шығып кетеді, - деп айқайлап жіберді. Сандырақтап жатыр ма деп дәрігерлер де, шешесі де не боп жатқанын түсінбейді. Айналайын, кім? Кімді айтасың? Не деп жатсың?, - деді шешесі. Қыз болса: Мұхаммедті айтамын. Ол бөлмеге кіріп, басыма қолын қойды. Барлық ауру сол сәт жоқ болды Қазір, ол шығып кетті, - дейді қызы.

Анасы өз құлағына өзі сенбеді. Мүмкін емес. Бірақ, сенбейін десе, жаңа ғана ажалмен арпалысып жатқан қызы түк болмағандай сап-сау отыр. Осылайша, қыз да анасы да мұсылман болған екен.

«Нұр Ғасыр» мешіті