Он нәрсені он нәрседен іздеп едім, басқа он нәрседен таптым 630

Он нәрсені он нәрседен іздеп едім, басқа он нәрседен таптым

26 сәуір 2021 3459 Оқу 1 минут

Хакімдердің біреуі былай депті: «Он нәрсені он нәрседен іздеп едім, басқа он нәрседен таптым. Абыройды тәкаппарлықтан іздеп едім, кішіпейілділіктен таптым. Нағыз ғибадатты тек намаздан іздеп едім, ол сақтықта (тақуалық) екен. Рахатты дүние жинаудан іздеп едім, керісінше, дүниені тәрк етуден таптым. Жүректің нұрын күнделікті жария оқылатын күндізгі намаздардан іздеп едім, оны түнгі оңаша оқылатын намаздан таптым. Қияметтің нұрын жомарттық пен сақилықтан іздеп едім, оны шөлдеу мен аш жүруден таптым. Қыл көпірден аман өтуді құрбан шалудан іздеп едім, оны садақадан таптым. Тозақтан құтылуды мубах істерден іздеп едім, шәһуаттарды тәрк етуден таптым. Алла Тағаланың сүйіспеншілігін дүниені жинаудан іздеп едім, оны зікір етуден таптым. Аман-саулықты көпшілікпен бірге жүруден іздеп едім, оны оңашалықтан таптым. Жүректің нұр-сәулесін уағыз бен Құран оқудан іздеп едім, оны терең ойлану мен жылаудан таптым».