Мәртөк: «Төле ата» мешітінің имамы «Үздік мәдениет қайраткері» төсбелгімен марапатталды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Мәртөк ауданы, Родниковка ауылдық «Төле ата» мешітінің имамы Айбек Кожагалиев Астана қаласында «Әділетті Қазақстан» республикалық инновациялық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі диплом және «Үздік мәдениет қайраткері» төсбелгімен марапатталды.
Аталған байқау мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өтті.
Имам Айбек Аманжолұлы Салиха Нұрлепескелінінен Нұрлепес Күмісбайұлы туралы баяндаған дерекөздер аясында байқауға қатысып, оқ бойы озық болып, руханиятқа арналған шығармашылық байқауда топ жарды.
Айта кетсек, ХІХ ғасырда Батыс өңірінде ислам дінін таратуда өлшеусіз қызмет еткен тұлғалар көп болды. Күллі қазақ білетін Досжан ишан Қашақұлының аты аталған жерде, онымен бірге шәкірті Нұрлепес әулиенің аты да аталады.
Нұрлепес Күмісбайұлы ел ішінде имандылық, білім мен тәрбие құндылықтарын кеңінен насихаттаған көрнекті қайраткер ғана емес, ұлттың болмысын сақтау жолында да өлшеусіз қызмет еткен
Ал Салиха Нұрлепескеліні — атасына мінсіз қызмет етіп, әулиенің батасын алған жан. Батасын келінге беру үрдісі — қазақ руханиятында бар құбылыс. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келініне батасын беріп, басына шырақшы етіп тастап кеткені әмбеге аян. Абыз Төле би де өсиетінде келініне батасын берген. Әйгілі батыр Бауыржан Момышұлының да келіні Зейнепке сүбелі өсиетін айтып, сенімін білдіріп, батасын бергені белгілі. Бата беру — мұрасын аманаттап кетумен бірдей ұғым.
Аталған марапатты Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Орынғали Сағиджанұлы табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі



































